Елордалық өрт сөндірушілер мысыққа алғашқы медициналық көмек көрсетті (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Көппәтерлі тұрғын үйдің бірінен өрт шықты 

Фото: видеодан скриншот

Елордалық өрт сөндірушілер үй мысығын өрттен құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бір күн бұрын Астанада көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде пәтер өртенді.

Құтқарушылар Жаслан Жәкенов пен Денис Чайковский ес-түссіз болған үй жануарын өрттен құтқарды.

Тыныс алу аппаратының көмегімен құйрықты жануарды құтқарып алды.