Қою түтін өртті ауыздықтауға кедергі келтіруде
Шығыс Қазақстан облысында Семей орманы резерватында өрт шықты деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.
24 сәуір сағат 07:40-ғы жағдай бойынша өртенген аумақ 2 мың гектарды құрады. Қою түтін салдарынан өрт сөндірушілер жанып жатқан жердің қаншауы орман, қаншауы жазық дала анықтай алар емес.
Өртті сөндіруге 88 техника мен 300-ге жуық маман тартылған. Оқиға орнында МИ-2 және МИ-8 тікұшақтары жұмыс істеп жатыр.