Алматы облысында шағын автобус толықтай жанып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның себебі анықталу үстінде

Фото: Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Алматы облысының Бесқайнар ауылында шағын автобус толықтай жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облыстық ТЖД мәліметінше, 8 маусым күні сағат 10:15-те Талғар қаласының ӨСБ-2 байланыс желісіне Бесқайнар ауылының Центральная көшесінде автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер Mercedes Sprinter маркалы көліктің толықтай отқа оранғанын анықтады. Өрт алаңы 14 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 11:02-де жойылды», - делінген хабарламада.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталу үстінде. Қызыл жалынмен Алматы облысы ТЖД-ның төрт қызметкері және бір бірлік техникасы күресті.