ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды
Маңғыстау облысында жағаға өз еркімен шыға алмаған 32 жастағы әйел құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, бүгін Каспий теңізінің жағалауында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жағадан 30 метр қашықтықта өз бетінше жағаға шыға алмаған 1992 жылы туған әйелді судан құтқарды. Медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.