«Пәтерде құлыптанып қалған»: Павлодарда үш жасар егіздер құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды

Фото: t.me/qr_tjm

Павлодарда үш жасар егіздер құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Павлодар қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінің бірінде 3-ші қабаттағы пәтерде ата-анасының қарауынсыз қалған 2021 жылы туған егіздер темір кіреберіс есігін жауып алып, аша алмай қалған.

«Оқиға орнына келген құтқарушылар үш иінді баспалдақтың көмегімен пәтерге терезе арқылы кірді. Кейіннен балалар ата-аналарына берілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ», - делінген хабарламада.

ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.