Салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді
Семейде 31 жастағы мопед жүргізушісі аспалы көпірмен сол жағалау бағытында келе жатып, рөлді басқара алмай, аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Мопедтің артында келе жатқан MAZDA көлік құралының жүргізушісі төңкерілген мотокөлік пен оның жүргізушісіне соқтығысудан аулақ болу үшін бірден тежегішін басқан.
Нәтижесінде одан кейінгі көліктер бір-біріне соқтығысады.
Салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді.