Шығыс Қазақстанда 21 жастағы есірткі ораушы ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды

Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері синтетикалық есірткі ораушыны анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өскеменде жедел уәкілдер интернет-дүкеннің 21 жастағы есірткі ораушысын ұстады.

«Полиция қызметкерлері тінту барысында күдіктіден жалпы салмағы 500 грамм болатын ақ түсті ұнтақ тәрізді зат – мефедронды тәркіледі. Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ПД.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 60-тан астам фактіні анықтағанын айта кеткен жөн. Оның 52-сі өткізу мақсатында. Заңсыз айналымнан 46 келіден астам есірткі түрлері тәркіленді.