Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ
Петропавл құтқарушылары 100 шаршы метрге жайылған өртті жойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Солнечный кентінде жеке тұрғын үй жанып кетті.
«Өрт 100 ш. м. алаңда шақыру түскен сәттен бастап 36 минут ішінде жойылды. Себебі анықталуда, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген ақпаратта.