Таразда көпқабатты үйден өрт шықты: 10 адам эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның арасында балалар да бар

Фото: ТЖМ

Тараз қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, ТЖД қызметкерлері шұғыл көмекке жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өрт шақыру түскен сәттен бастап 25 минут ішінде сөндірілді. 10 адам эвакуацияланды, оның ішінде бесеуі – бала», - деп хабарлады ТЖД.