25 жыл бұрын қарақшылық жасаған күдікті Грозныйда қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Павлодар қаласында қылмыс жасап, қашып кеткен  

Фото: polisia.kz

Полиция 25 жыл бұрын қарақшылық жасаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Криминалдық полиция қызметкерлері ресейлік әріптестерімен бірге Ресей Федерациясының Грозный қаласында тұратын 55 жастағы ер адамды ұстады.

«Тергеу мәліметтері бойынша, 1998 жылдың тамызында Павлодар қаласында күдікті тапанша мен балта қолданып, екі ағайындыға қарақшылық шабуыл жасап, Nissan маркалы екі көлікті иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кетті», – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.