Бурабайда дауыл кезінде 3 адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар желдің күшеюіне байланысты қауіпті жағдайға тап болған

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бурабай курорттық аумағында үш жас жігіт үшін катамаранмен серуеннің соңы қайғылы жағдайға ұласа жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеие жасап.

Бурабай көлінің жағасынан алыс жүзіп, желдің күшеюіне байланысты жастар өз күшімен кері қайта алмай қалған.

Ақмолалық құтқарушылар көмекке келіп, оларды жағаға алып шықты.