Күдікті қамауға алынды
Қызылорда облысында 59 түп сора өсімдігін еккен аудан тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі өсірген аудан тұрғынын ұстады.
Жүргізілген жедел жұмыстар нәтижесінде күдіктінің ауласынан 59 түп сора өсімдігі анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттар жалпы салмағы 2 келі 362 грамм екендігі анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.
Тергеу жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.