Тұрғындар жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды
Қызылордада көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде жиһаз өртеніп, оқиға орнына төтеншеліктер шақырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар баспалдақ маршымен 11 тұрғынды, оның ішінде алты баланы эвакуациялады. Осыдан кейін тұрғындар жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
ТЖМ күштерімен өрт шақырту сәтінен бастап 14 минут ішінде төрт шаршы метр алаңда өрт жойылды.