Оны учаскелік полиция қызметкері дер кезінде құтқарып алды
3 маусымда полицияға Сазды өзеніндегі көпірдің астында жасөспірім қыздың отырғандығы туралы хабар түскен. Ол жерге дереу учаскелік полиция инспекторы Фархат Нұрманов жетіп, қызды құтқарып үлгерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкері өзенге киімімен секірген баланы көріп, көмекке жүгірді. Учаскелік полицей 13 жастағы қызды өзеннен құтқарып алды. Жәрдемге жеткен әріптестері оны жағаға шығарысты.
«Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Психологтар мен полицейлер жасалған әрекеттің себебін анықтап жатыр. Тексеру жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.