04.06.2024, 11:24
Оқиғалар
Ақтөбе облысында колледж студенті оқушыға пышақпен шабуылдады
Оқиға 2 маусым күні Алға ауданында болған
Фото: istockphoto.com
Ақтөбе облысында колледж студенті мектеп оқушысына пышақпен шабуыл жасады. Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 2 маусым күні Алға ауданында болған. 17 жастағы екінші курс студенті мен тоғызыншы сынып оқушысы төбелесіп қалған. Ашуға булыққан студент мектеп оқушысына пышақпен шабуыл жасады. Аудандық аурухана дәрігерлері «оң жақтағы иық, бел аймағы және іш аймағының тесілген жарақаты» диагнозын қойды.
«Алға ауданында болған жанжал салдарынан үш жігіт медициналық мекемеге жатқызылды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады полиция агенттікке берген түсініктемесінде.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды