Бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж емес
Павлодарда ойын алаңындағы металл конструкциясына оқушы бала қыстырылып қалып, өз еркімен кері шыға алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен сақинаны тістеп алып, баланы темірден босатып шығарып алды.
Бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж емес.