Өрттің ауданы 120 шаршы метрді құрады
Солтүстік Қазақстан облысының өрт сөндірушілері Пресновка ауылындағы жеке үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.
2 маусым күні таңертең Жамбыл ауданының Пресновка ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт болды.
Тілсіз жау шаруашылық құрылыстарға да тараған
Құтқарушылар өрттен газ баллонын алып шықты.
Өрттің ауданы 120 шаршы метрді құрады.
Абырой болғанда, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.