Зардап шеккендер жоқ
Павлодарда көлігін басқара алмаған жүргізуші көпқабатты үйдің қабырғасына барып соғылды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Павлодар-онлайн сайтына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы Аймауытов пен Павлов көшелерінің қиылысында 30 мамырда сағат 15:20 шамасында болды.
«Мерседес маркалы автокөлік жүргізушісі рульді басқаруды игере алмай, автобус аялдамасына соқтығысқан. Соққыдан кейін қозғалысын жалғастырып, Павлов көшесі 5 мекенжайында орналасқан үйге соқтығысқан. ЖКО нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. Тергеу жүргізілуде, көлік айып тұрағына қойылды», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің өкілдері.