Қариялар мінген көлік Алматы облысындағы тас жолда өртеніп кетті (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Оны куәгерлер мен полиция қызметкерлері сөндірді

Фото: видеодан скриншот

30 мамырда Алматы-Өскемен тас жолында ата мен әже мінген жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жолда өтіп бара жатқан полиция қызметкерлері өртеніп жатқан көлікті көріп, көмекке асыққан. Олар өрт сөндіргішті алып, қызыл жалынды сөндіруге тырысқан. Бірақ жалын тоқтамай, импровизацияланған құралдарға жүгінуге тура келді.

«Жанынан өтіп бара жатқан ауыр жүк көлігінің жүргізушісі көмек көрсетті. Жағдайды көріп, ол бірден тоқтап, өртті толығымен оқшаулауға көмектесті. Көлігі өртеніп кеткен ата мен әже жарақат алған жоқ, дін аман», - деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Өтіп бара жатқан жүргізушілер де шетте қалмай, қолдарынан келгенше көмектесті.