Көпшілік бұған қатысты пікір білдірді
Түсірілім сәті және фотосессия нәтижелерін қарағандылық фотограф әлеуметтік желіде көрсетті. Бақытты күйеу мен қалыңдық жолаушылар отырған автобус салонында суретке түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түсірілім қоғамдық көліктің жұмысына кедергі келтірмеді. Түсірілім жүріп жатқан кезде жолаушылар қоғамдық көліктің артқы орындықтарына отырды.
Кадрлар креативті және әдемі болып шықты. Бұған оқырмандар пікірі дәлел.
«Сіздерге бақыт тілеймін. Ең бастысы, айыппұл салынбайды. Ақша мен қиял тапшы болса. Креативті», - деп жазды қазақстандықтар.
Видео: instagram.com/moksot/