Мейрамханадағы өрттің тұтану себебі анықталады
Атырау қаласында өртенген мейрамхананың шатыры опырылып түсті. Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, мейрамханадағы өрт туралы 30 мамырда сағат 21:15-те хабар берілген.
«Атырау қаласында Ш.Уәлиханов көшесіндегі екі қабатты мейрамхана өртенді. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде екі қабатты көпфункционалды кешеннің жанып жатқаны анықталды. Мейрамхананың жалпы аумағы – 2750 шаршы метр. Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттің салдарынан ғимараттың 25 шаршы метр шатыры опырылып түсті», - делінген хабарламада.
Өрт сағат 22:30-да оқшауланып, 10 минуттан соң толық сөндірілді. Жалынды сөндіруге 58 адам, 13 бірлік техника жұмылдырылды.
«Мейрамханадағы өрттің тұтану себебі анықталады. Тұрғындар мен түрлі нысан иелерінен өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз», -деп хабарлады ТЖД.