Қала тұрғындары оқиғаға куә болды
Қызылорда тұрғындары қала аялдамасының бірінде ер адамдар төбелесіне куә болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Куәгердің бірі төбелесті ұялы телефон камерасына түсірген. Кадрда бір-бірімен алысқан екі ер адамды көруге болады.
«Аялдамада бізді қоғамдық көлік күтіп тұрды. Бұл адамдар төбелесті, ұят қайда? Олар аялдамадағы өзге жандарды шошытты», - деп бейнежазбаның астына қала тұрғындары пікір білдірді.
Бұл оқиғаға Қызылорда қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме берді:
«Осы факті бойынша тексеру жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген ПД жауабында