Жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттар жинақталды
Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 4 адам ауруханаға жеткізілді. Оның бірі – көлік жүргізушісі. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, оқиға 29 мамыр күні болған.
«Күндізгі сағат 16:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 406-шақырымы тұсында екі көлік соқтығысты. Көліктің бірі – Нива, екіншісі – Toyota. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 4 адам түрлі дене жарақатын салды. Зардап шеккендердің арасында Нива автокөлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы бар. Зардап шеккен тағы бір жолаушы Toyota автокөлігінде болған. Түрлі дене жарақатын алған 4 адам Мақат аудандық орталық ауруханасына жеткізілді», - делінген ПД хабарламасында.
Қазір Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттарын жинақтады.