Атырау облысында суға батқан екі ер адамның денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың бірі балық аулауға кетсе, екіншісі мал жаюға шыққан

Фото: istockphoto.com

Бүгін Атырау облысында суға батқан екі ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 15: 55-те Қамыскөлден құтқарушылар 33 жастағы ер адамның денесін алып шығып, оны полицияға тапсырған. Ол адам бір апта бойы іздестірілген екен. Туыстары оның Жем өзеніне балық аулауға кетіп, содан оралмағанын айтқан. 

Сол күні сағат 16:15-те Махамбет ауданы Ақжайық ауылынан бес шақырым жерде құтқарушылар тасыған өзен суынан 24 жастағы жігіттің денесін алып шықты. Ол «Манаш» шаруа қожалығынан мал жаюға шығып, сол күйі жоғалып кеткен екен.