Әлеуметтік желі қолданушылары Жұмагүл Нүкеноваға жылы тілектерін «жаудырды»
Салтанат Нүкенованың анасы туған күнінде аянышты жазба қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жылда қызым бір құшақ гүлімен келіп, туған күніммен құттықтайтын. Жыл сайын Астанадан ұлым мен қызым келіп, тосынсый жасайтын еді. Былтыр олай болмады, биыл да олай емес, енді ешқашан олай болмайды», - деп жазды анасы.
Әлеуметтік желіде Жұмагүл Нүкенова Салтанатты таныған адамдар оның мекен-жайына гүл жіберіп, жылы тілектерін арнағанын да жазды.
«Сіздердің мейірімдеріңіздің арқасында Салтанатымның жылуын сезінгендей болдым, көп рақмет», - деп жазды ол.