Маңғыстау облысында төрт жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол түрлі жарақаттармен жергілікті ауруханаға жеткізілді

Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысында төрт жасар бала екінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 2020 жылы туған бала тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кеткен.

Ол түрлі жарақаттармен жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Науқас дәрігерлердің бақылауында.

ТЖМ кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.