Жанжал 18-22 жас аралығындағы тұрғындар арасында болған
Ақтөбедегі жанжалдан оқ ату мен пышақ жарақаттары салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, 28 мамырда 18-22 жас аралығындағы бірнеше тұрғын атыс және пышақ жарақаттарымен қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Пышақ жарақатын алған бір азамат жансақтау бөлімінде көз жұмды.
«Осы қылмысты жасады деген күдікпен полиция төрт күдіктіні анықтап, ұстады. Олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Кісі өлтіру және бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізілі жатыр.