26 мамырда жауын-шашынның көп түсуіне байланысты 20 жеке аула су астында қалды
Ақмола құтқарушылары Целиноград ауданы Қоянды ауылында жаңбыр суын айдау жұмыстарын жалғастыруда.
«Тәулігіне шамамен 12 мың текше метр жаңбыр суы айдалды. Қазіргі уақытта барлық үйден су сорылды, тек 17 жеке аула аумағы су астында қалды. Су айдау жұмыстары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тәулік бойы жүргізіледі», - деді Ақмол ауылының 22-ӨСБ басшысы Медет Шәріпов.
Естеріңізге сала кетейік, 26 мамырда жауын-шашынның көп түсуіне байланысты елді мекенде 2 жеке тұрғын үй мен 20 жеке аула су астында қалды.