Назарбаев зияткерлік мектебінің пышақталған оқушысы есін жиды

Автор: Azattyq Rýhy

Науқас реанимациядан хирургиялық бөлімге ауыстырылды 

Фото: istockphoto.com

Пышақпен шабуыл жасалған Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы есін жиды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып. 

Пышақ жарақатын алған 18 жастағы қыздың жағдайы тұрақты деп бағаланды.

«Науқас реанимациядан хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Жағдайы тұрақты, есін біледі», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

2024 жылдың 26 ​​мамырында елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы көптеген пышақ жарақатымен ауруханаға түскені белгілі болды. Есіл аудандық полиция бөлімі адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.