Әнші өз атынан жазылған хабарламаға алданбауды сұрады
Алаяқтар әнші, танымал жандар атынан ақша жинайтын болған. Соның бір айқын мысалы – әнші Ділназ Ахмадиева атын жамылып, таратылған хабарламалар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ахмадиева әлеуметтік желіде алаяқтармен хат алмасу скриншоттарын көрсетті.
«Жаман ойлап қалма, ыңғайсыз болса да сұрайын. Досыма хабарласа алмай отырмын. Шетелдегі шотқа ақша аударуым қажет. Қарызды бір сағаттан кейін кешіктірмей қайтарамын. 200 мың теңге шыға ма?»- деген хабарлама әншінің таныстарына жеткен.
Ділназ Ахмадиева жақындары мен оқырмандарынан аса сақ болуды, мұндай хабарламаға сенбеуді сұрады.