Қостанайда ҚТЖ филиалының басшылық құрамы жемқорлық үшін сотталды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Олар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады

Фото: СЖҚА баспасөз қызметі

Қостанайда ҚТЖ филиалының басшылық құрамы жемқорлық үшін сотталды. Олар ҚТЖ дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген қаражатты жалпы көлемі 12 млн теңгеге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Антикор мәліметінше, Бейімбет Майлин ауданының соты «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Қостанай пайдалану локомотив депосының басшысы А. Махмутовқа, оның орынбасары Ж. Сырмановқа, жылу технигі Б.Серікұлы мен «Қазақстан-ОЭК» СҮ» ЖШС Тобыл станциясының отын қоймасының басшысы К. Елюсиновқа қатысты үкім жариялады.

«Махмұтов, Сырманов, Елюсинов 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейін сотталды. Серікұлы 3 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.