Денсаулық сақтау басқармасы қыздың жағдайы туралы хабарлады
Астанада пышақ жарақатын алған Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы туралы 27 мамырда Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Қыздың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жедел жәрдем қызметі 2006 жылы туған қызды №2 қалалық көпсалалы ауруханаға ішінің алдыңғы қабырғасынан алған көптеген пышақ жарақатымен жеткізді. Жағдайы ауыр және тұрақты», - деп хабарлады Астана денсаулық сақтау басқармасы.
2024 жылдың 26 мамырында елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысының көптеген пышақ жарақатымен ауруханаға түскені белгілі болды. Есіл аудандық полиция бөлімі 18 жастағы қызды өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.