Қонаевта полиция қызметкерлерін «құшақ жая» қарсы алған бұзақы ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Ол агрессивті мінез көрсеткені үшін 7 тәулікке қамалды

Фото: видео скриншот

Қонаев тұрғыны полицейлерге қарсылық көрсеткені үшін 7 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

23 мамырда патрульдік полицейлер Қонаев қаласында орналасқан ойын-сауық мекемесінің біріне мас күйде жүрген ер адам туралы хабар келіп түскен соң барған. Мас айналасындағыларға агрессивті мінез көрсетіп, полицейлерді балағаттаған.

Ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны және бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 7 тәулікке қамауға алынды.

«Тәртіп сақшылары тарапынан көрсетілген кәсібилік пен ұстамдылық ауыр зардаптардың алдын алды», – дейді Қонаев қалалық полиция басқармасының басшысы Ұлан Садықов.