Астанада өлім аузынан қалған жас қыздың жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

Оның іш қуысы жағына операция жасалған

Фото: istockphoto.com

Астанада жасөспірім жас қызды өлтірмек болған, қазір науқас ауыр хәлде жатыр. Бұл туралы Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«26 мамырда жедел жәрдем қызметі №2 қалалық көпбейінді ауруханаға іштің алдыңғы қабырғасынан бірнеше жарақат алған 2006 жылғы қызды жеткізді», - делінген хабарламада.

Мәліметке сүйенсек, пациенттің іш қуысы жағына операция жасалған, қазір науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.