Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Елордада мектеп оқушысы пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Алдын ала болжам бойынша, оны қыздың жігіті жасаған болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Астана қаласы Есіл ауданының полиция бөлімі 18 жастағы қызды өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.