Маңғыстау облысында түлектер арасында жаппай төбелес болды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция департаменті бұл оқиғаның болғанын растады

Бейнеден кадр

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында түлектер жаппай төбелесті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментіне хабар түскен, деп жазады Azattyq Rýhy жергілікті Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода өзара жанжалға ондаған оқушы қатысқаны көрініп тұр. Олардың кейбіреуі тас лақтырып жатыр.

Облыстық ПД аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Төбелеске қатысқан 47 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді»,  - делінген ПД хабарламасында.