Қостанайда үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бүлдіршін ауруханаға жатқызылды

Фото: istockphoto.com

Қостанайда үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Жарақат алған бүлдіршін Қостанай облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, бала екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Оқиға 25 мамыр, сенбі күні түстен кейін жеке үйдің аумағында болған.

Бүлдіршін түрлі жарақат алып, Қостанай облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.