Қарағандыда әйел адам 50 теңге үшін оңбай таяқ жеді

Автор: Темірхан Айжан

Қазір оны полиция іздеп жатыр 

Фото: скриншот

Қарағандыда әйел мен ер адам 50 теңге сұрағаны үшін аяусыз соққыға жығылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқиға Пришахтинк ауданындағы «НАН» дүкенінінің жанында болған. Көшеде әйел мен ер адам өтіп бара жатқан кісіден 50 теңге сұраған. Бірақ ол ақша  беруден бастар тартып, әйелге жұдырық сілтейді. Әйел жолдың жиегіндегі шығып тұрған тас қоршауға желкесімен құлаған. Куәгерлер жедел-жәрдем шақырған.

Әйел ауруханаға түсті. Полиция істің тіркеген. Қазір соққыға жыққан ер адамды іздеп жатыр.