Маңғыстаудағы Ыбықты сайда «Таза бейсенбі» шарасы өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл бастаманы мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев ұсынған еді

Фото: instagram.com/amanat.mangystau/

«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының мүшелері «ТazaLike» партиялық жобасы аясында Ыбықты сайда тазалық шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Azattyq ruhy партия филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап өткеніміздей, парламент мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев премьер- министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту үшін әр аптаның бейсенбісін «Таза бейсенбі» ретінде өткізуді ұсынған болатын.

Ал, Ыбықты сайдағы тазалық шарасына «AMANAT» партиясының облыстық, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы аудандық, Жаңаөзен қалалық филиал қызметкерлері мен «Жастар рухы» белсенділері қатысты.