Алматы облысында құтқарушылар адамды шұңқырдан шығарды

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарушылар зардап шегушіні арқан және зембілдің көмегімен алып шықты

Алматы облысы Қарасай ауданы жеке меншік үй аумағында 32 жастағы ер адам тереңдігі 5 метрге жуық шұңқырға құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көмекке Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шықты.

Құтқарушылар зардап шегушіні арқан және зембілдің көмегімен алып шықты.

Ер адам оқиға орнында болған жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.