Абай қаласында тұрғынның пәтеріне жылан кіріп кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Үйдің иесі құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған

Фото: ТЖМ

Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласындағы тұрғынның пәтеріне қара жылан кіріп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, жылан ешкімді шақпаған. Құтқарушылар оны иен далаға еркіне жіберген.

«Абай ауданының Абай қаласында құтқарушылар пәтерге кіріп кеткен қара дақтары бар сұр жыланды ұстады. Кейіннен, ұсталынған жыланды қала сыртындағы далаға жіберді. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.