Қария 10 жылға сотталды
Батыс Қазақстан облысында 73 жастағы зейнеткер 48 жыл отасқан әйелін қылқындырып өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Мой Город басылымына сілтеме жасай отырып.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, қарт кісі жұбайын үйінде ұрып-соғып, одан кейін қолымен тұншықтырған. Сотта зейнеткер жасаған қылмысы үшін өкінетінін айтқан.
Сот үкімі заңды күшіне енді.