Иран президенті қаза тапқан тікұшақта тағы кімдер болды

Автор: Нұргүл Абай

Тікұшақ кеше, 19 мамырда орман арасында апатқа ұшыраған

Фото: Murat Gok/Anadolu via Getty Images

Шығыс Әзербайжан провинциясының тауларында құлаған тікұшақтың ішінде Иран президенті Ибрагим Раисимен бірге тағы кімдер болғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Mehr мемлекеттік агенттігіне сілтеме жасап.

Тікұшақта Иран президентімен бірге сол елдің сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, Тебриз қаласы мешітінің имамы Сайед Мохаммад-Али аль-Хашем және Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмати болған.

Жолаушылардың барлығы апаттан қаза тапты.