Иран президенті тікұшақ апатында көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Тікұшақ апатынан тірі қалған ешкім жоқ 

Фото: Press TV телеграм арнасы

Құтқарушылар Иранның президенті Ибрахим Раисидің тікұшағын апат болған жерден тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап. Иранның «Қызыл жарты ай» қоғамдастығы Иран президентінің апаттан көз жұмғанын растады.

Еске сала кетейік, бұған дейін іздеу-құтқару топтары Иран президенті Ибрахим Раисидің тікұшағының апат болған жерін тапқан еді.

Апат Шығыс Әзірбайжан провинциясының тауларында (әкімшілік орталығы – Табриз), Әзірбайжанның Нахичеван Автономиялық Республикасымен шекарада орналасқан Джульфа қаласының маңында Тегераннан солтүстік-батысқа қарай 600 шақырым жерде болған.

Тегтер: