Бір адам ауруханаға жатқызылды
Атырау-Индер тасжолында жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Атырау қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.
19 мамыр күні сағат 10:30 шамасында Атырау-Индер тасжолында Ақжар ауылы тұсында Уаз автокөлігінің 1968 жылы туылған жүргізушісі солға бұрылу кезінде қарама-қарсы бағытта жолда келе жатқан 1980 жылы туылған азаматтың басқаруындағы маркасы Mercedes автокөлігімен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды.
Салдарынан Mercedes автокөлігінің 1954 жылы туылған жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда.