Алматы облысында жанып жатқан ғимараттан газ баллоны шығарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің себебі анықталуда

Фото: t.me/qr_tjm

 Алматы облысы Іле ауданының Байсерке ауылында бір қабатты ғимараттың шатыры өртенді. Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан 1 газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде 2 қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты ғимараттың шатыры жанып жатты. Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекеттерінің арқасында жақын орналасқан автобөлшектер дүкеніне және 2 қабатты кешеннің ғимаратына өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.

«Өрттің ауданы 150 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - делінген ТЖМ хабарламасында