Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ
Бүгін, 15 мамырда сағат 18:16-да Өтеген батыр ауылындағы №8 өрт сөндіру бөлімшесінің байланыс желісіне Рысқұлбеков көшесінде көліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алдымен әлеуметтік желіде №24 мектептің жанында жеңіл көлік жарылғаны туралы ақпарат тарады.
«Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер «Volkswagen Passat» маркалы жеңіл көліктің моторы орналасқан бөлігінің 1 шаршы метрі қызыл жалынға оранғанын анықтады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратында.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары сапынан төрт қызметкер және бір техника жұмылдырылды.