«Қылмыстық іс қозғалды, іс өндірісте»: Қостанайда әйелді ұрған Әзербайжан азаматы туралы тың дерек пайда болды

Автор: Аягөз Құрмаш

Соттың оны шекарадан шығару туралы қаулы шығарғаны белгілі 

Фото: polisia.kz

Әзербайжан азаматы қостанайлық әйелді бір жыл бойы аңдып, ұрып-соққаны жайлы «Немолчи.кз» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі жазған болатын, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Ер адамның әрекеттерін растайтын фото, видеоларды жәбірленушінің қызы қорға жолдаған. Осы оқиға бойынша Azattyq Ruhy тілшісі Қостанай облысы полиция департаментіне хабарласты.

Қостанай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, қорқыту, қауіп төндіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта ол өндірісте. 

«Сонымен қатар, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін құқық бұзушыны ҚР шекарасынан шығару туралы сот қаулысы бар», - деп хабарлады полиция департаменті.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Әзербайжан азаматы қостанайлық әйелді бір жыл аңдып, ұрып-соққан.