Астананың түнгі клубында әйелдің құйрығынан ұстап алған ер адам жазаланды

Автор: Темірхан Айжан

Тәртіпсіздік танытқан ер адам 10 күнге қамалды 

Фото: скриншот

Астанада танымайтын әйелдің жамбасынан ұстаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Түнгі клубтардың бірінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Астана қаласының 29 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулік мерзімге қамауға алынды.