Қазақстан азаматы Лондонда адам өлтірді деген күдікпен ұсталды

Автор: Темірхан Айжан

Ол Британия еліне маусымдық жұмыс істеуге барған 

Фото: Istockphoto

Қазақстан азаматы Лондонда кісі өлтірді деген айыппен тергеліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

37 жастағы Бейбіт Баймолда 42 жастағы ер адамды пышақтап тастаған. Оған 7 мамырда Темза сотында кісі өлтірді деген айып тағылып, 10 мамырда қамауға алынған.

«Полицияға 6 мамыр кешкі сағат 21:00 кезінде Кренстон Гарденс, Е4 мекен-жайы бойынша ер адамның пышақ жарақатын алғаны туралы хабар келеді. Өкінішке қарай 42 жастағы азамат оқиға орнында қансырап қаза тапты», - делінген The standard таратқан хабарламада.

Баймолдамен бірге 33 жастағы әйел ұсталған. Ол тергеу біткенше кепілмен босатылған. Қазақстан азаматы 2023 жылы Ұлыбританияға маусымдық жұмыс істеуге барған.